×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ақтау маңында жүкті әйел жол апатынан қаза болды

03.10.2021, 12:58
Фото: ашық дереккөз

Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласының маңында екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Маңғыстау стансасынан шыққан жолда болған.

2 қазан күні сағат 00:20-да LPG Trade газ құю станциясына қарама-қарсы бетте жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, Маңғыстау теміржол стансасынан Ақтауға бет алған Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан Daewoo Nexia жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан әйел жүкті болған. Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.