×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Түркия өз атауын өзгертпек

01.06.2022, 09:56
фото: ашық дереккөзден

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да Халықаралық ұйымдарға елдің атын ағылшын тілінде жазу тәсілін өзгерту туралы ресми өтініш береді. Бұл туралы сейсенбі, 31 Мамырда Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Twitter-де жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол БҰҰ Бас хатшысының атына БҰҰ-ға мүше елдерде Түркия атауының жаңа емлесін "Türkiye"деп бекітуді сұрайтын хат жібергенін жазды.

Егер бұл өтінім қанағаттандырылса, "Türkiye" атауы халықаралық форумдарда және ресми құжаттарда бұған дейін тараған өзге емле нұсқаларының орнына қолданылатын болады.

Anadolu басылымының жазуынша, сондай-ақ, министр Түркияда өндірілген тауарлардың заттаңбасынан "Made in Turkey" деген жазу алынып, "Made in Turkiye" қолданысқа енбек.