×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Әлібек Қалбайдың әскердегі өлімі: атыраулық сарбаз 9 жылға сотталды

10.04.2023, 10:57
фото: ашық дереккөзден

Алматы гарнизоны әскери сотында әскерде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп танылған 18 жастағы Айболат Аманжоловқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол қылмыстық кодекстің 440-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аманжоловтың туыстары бұл үкіммен келіспей, жоғары инстанцияға шағымданғалы отыр.

Еске салайық, Әлібек Қалбай өткен жылдың 18 сәуірінде әскери борышын өтеу үшін Ақтау қаласынан Жамбыл облысының Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімшесіне келіп, 22 сәуірде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.

Айыптау актісіне сүйенсек,  2022 жылдың 21 сәуірінде қатардағы жауынгер Айболат Аманжолов дәлізде өзінің үстемдігін көрсету мақсатында белгісіз себептермен қызметтесі, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбайдың сол қолтығынан қолын өткізіп, алақанымен басын ұстап, ішінен бірнеше рет ұрған. Әлібек Қалбай қорғану мақсатында босап шыққан сәтте Аманжолов ішінен, кеудесінен және оң жақ бұғана тұсынан бірнеше рет ұрған. 

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында өткен жылдығ 23 тамызында басталды.

Серіктес жаңалықтары