×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жаңаөзендіктер әкімдіктің алдына жиналып, Астанада ұсталғандарды босатуды талап етті

11.04.2023, 19:16
Жаңаөзендіктер әкімдіктің алдына жиналып, Астанада ұсталғандарды босатуды талап етті
Фото: Ulysmedia.kz

Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғыны әкімдік алдына жиналып, Астанада ұсталғандарды босатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар бүгін Астанада ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етіп, видео үндеу түсірді.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстап әкеткен болатын.

Жұмысшылар алдымен кеттлингке алынды, содан кейін барлық заттарын алдын-ала жинап, автозактарға тиеді.

Бейнежазбадан жұмысшыларды тәртіп сақшыларының қалай күштеп ұстағанын көруге болады.

Сәуірдің 10-ы күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер «Берәлі Маңғыстау» компаниясының 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды.

Ер кісілердің сөзіне қарағанда, олар Астанаға Жаңаөзеннен шарасыздықтан келген. Айтуларынша, «Берәлі Маңғыстау» компаниясы тендерде жеңіліп, барлығы жұмыссыз қалған.

Жаңаөзендік жұмысшылар түні бойы далада болды.