×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

Әзербайжан мен армян шекарашылары тағы атысты: қаза тапқандар бар

12.04.2023, 09:43
ВВС

Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қарулы қақтығыстан бірнешен адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжанның Лачин қаласына жақын орналасқан армениялық Тех ауылы маңында армян әскерилеріне оқ атылғанын мәлімдеді. 

Ал Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Лачинге жақын маңдағы әзербайжандық әскерилерге Армения тарапынан оқ атылғанын хабарлады. Екі мемлекет те өз тарапынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, Тех ауылы Лачиннан тоғыз шақырым жерде орналасқан. Осы жолдың жартысына жуығын ресейлік бітімгерлік күштер бақылауына алған. Ол жерге 2020 жылдың қарашасында Ресей, Әзербайжан және Армения қол қойған келісім бойынша бітімгерлік күштері әкелінді. Олар Қарабақ аумағының армяндар тұратын бөлігін бақылайды.

Бұған дейін Қарабақ жолындағы Лачин қаласын армян жағы басып алған болатын, бірақ 2020 жылдың күзінде Әзербайжан 44 күндік соғыста жеңіске жеткенде аталған келісім бойынша қайтарылған болатын. Содан бері тараптар әртүрлі жылдардағы кеңестік карталарды пайдалана отырып, олардың арасындағы шекараның қайдан өтетінін келісуге тырысып келеді. 30 жылдан астам әскери қақтығыстар кезінде тараптар бұл аумақтарды сол демаркациялай алмай келеді.

Серіктес жаңалықтары