×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Астана әуежайы маңындағы өрт: рейстер кейінге шегеріле ме

13.04.2023, 15:18
turkystan.kz

Қамыс өрті елорда әуежайының жұмысына кедергі келтірген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Астана әуежайы маңында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлағанбыз.

«13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады», - деп мәлім еткен еді Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары