×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Сайттардағы қазақ тілінің ахуалы: 100 мемлекеттік мекеме ескерту алды

14.04.2023, 11:27
фото: ашық дереккөзден

100 мемлекеттік мекеме өз сайттарындағы қазақ тілінің жағдайына байланысты ескертулер алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылған.

"Жыл сайын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ұлттық компанияларда құжат айналымының мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізіледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 96,5%–ды құрады (2020 жылы – 93%, 2021 жылы-96%). Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес 2022 жылы 105 мекеменің ресми сайттарына мониторинг жүргізілді (2020 жылы – 125, 2021 жылы – 180). Мониторинг барысында ресми сайттардың санына емес, олардың сапасына назар аударылды. 100 мекеме ескерту алды, кемшіліктер жойылды",  – делінген тұжырымдама жобасында.

Жалпы алғанда 594 интернет-ресурс зерделенген, нәтижесінде 543-і пысықталып, олардағы кемшіліктер жойылды. 41 ресми сайт іске қосылды, бір мобильді қосымша мемлекеттік тілдегі нұсқасын қосты.

"Бұл бағыттағы жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Заң талаптарына қайшы келетін ресми интернет-ресурстар әлі де бар. Мониторинг жекелеген ұйымдардың ресми сайттарының басты беті орыс тілінде ашылатынын, мемлекеттік тілде орналастырылған ақпарат көлемі орыс тіліндегі ақпарат көлеміне сәйкес келмейтінін, мемлекеттік тілдегі ақпарат уақытында орналастырылмайтынын, сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында орыс тіліндегі материалдар орналастырылатынын анықтады", - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары