×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

OLX, Telegram арқылы қыздарды жезөкшелікке тартқан қылмыстық топ ұсталды

04.10.2021, 10:39
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында қылмыстық бизнес ұйымдастырған 8 адамнан тұратын топ анықталды. Олар өзара рөлдерді бөлісіп, заңсыз әрекеттер жасаған.

ІІМ, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері эротикалық массаж салондары деген желеумен жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұстаумен айналысқан Өзбекстан мен Қазақстан азаматтарынан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Қылмыскерлер "OLX", "SATU" интернет желісінде, "Telegram" әлеуметтік желілерінде хабарландыру жариялап, қыздарды жалақысы жоғары жұмыс алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат берген. Содан кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, кастингтер өткізді (20-дан 30 жасқа дейінгі қыздар)», - делінген хабарламада.

Притондар элиталық коттедждерде ұйымдастырылып, тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеген.

«Күнделікті табыс қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы топ ұйымдастырушысына аударылды және табыс көлемі айына 10-12 миллион теңгені құрады», - делінген ақпаратта.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Алматы мен Нұр-Сұлтанда қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өтті, тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары