×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қырғыз елінде электр энергиясының құны қымбаттайды

14.04.2023, 21:05
Ашық дереккөз

Қырғыз елінде 1 мамырдан бастап тұрғындар үшін электр энергиясы 0,77-ден 1 сомға дейін қымбаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай жарлыққа Қырғыздың Министрлер кабинеті қол қойды.

Құжатқа сәйкес, сағатына 700 кВт электр энергиясын пайдаланған жағдайда, 1 кВт құны бұрынғыша 2,16 сом/кВтсағ күйінде қалады. Мұқтаж отбасылар мен азаматтар үшін де баға өзгермейді – 50 тиын.

Ал шектеусіз пайдалану (қуаты шектеусіз) 5,04 сом/кВтсағ-тан 3,28 сом/кВтсағ-қа арзандады.

Тарифтерді өзгерту шарасы елдің энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтыну көлемі қатты артқанына қарамастан тұрғындарды электрмен тоқтаусыз жабдықтау және ескірген құрылғыны модернизациялауға бағытталған.

Қырғызстан - ТМД елдері арасында электр энергиясы ең арзан елдердің бірі.

Электр энергиясын тұтыну жыл сайын артып жатқандықтан, ел жетіспейтін көлемді көршілес елдерден импорттауға мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары