×
$
448.98
€
502.45
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.98
€
502.45
₽
5.45

Екібастұздағы деректер орталықтары елді жарықсыз қалдырмай ма

Бүгін, 14:15
Екібастұздағы деректер орталықтары елді жарықсыз қалдырмай ма
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Екібастұз маңында ірі деректерді өңдеу орталықтарын салуды жоспарлап отыр. Алайда елде электр қуаты тапшы, оған қоса электр желілерінің өткізу мүмкіндігі де шектеулі. Жаңа жоба іске қосылғанда электр энергиясы жетпей, халық жарықсыз қалмай ма? Ulysmedia.kz осы мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Электр қуаты жеткілікті бола ма?

Басылым тілшісі KEGOC басшысы Нәби Айтжановтан деректерді өңдеу орталықтары іске қосылғаннан кейін халық жарықсыз қалмайтынына кепілдік бере ала ма деп сұрады.

Компания басшысы нақты уәде беруге асықпай, елдегі электр қуатының болжамды теңгеріміне тоқталды.

– Энергетикалық теңгерімді жыл сайын жаңартқанда тұтынушылардың электр қуатына деген сұранысы, оның ішінде болашақта туындайтын қажеттілік те ескеріледі. Сондықтан деректер орталықтарына қажет электр қуаты да есепке алынған, – деді ол.

Нәби Айтжановтың айтуынша, деректер орталықтары мен басқа да ірі жобалар іске қосылғанның өзінде, Қазақстан 2027 жылы электр энергиясы бойынша, ал 2028 жылы өндірістік қуат бойынша профицитке шығады.

– 2028 жылы 200 мегаватт артық қуат болады деп жоспарлап отырмыз. Ал 2029 жылы бұл көрсеткіш 2,8 гигаватқа жетеді. Яғни деректер орталықтарының қажеттілігін ескергеннің өзінде, электр қуатының профициті сақталады, – деді KEGOC басшысы.

Контекст

Қазақстан Екібастұзды ірі деректерді өңдеу орталығына айналдырып, жобаға шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Алайда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға кіріскен америкалық компаниялардың қаржылық қиындықтары бұл жоспарға қатысты бірқатар сауал туындатады. Жобаның жүзеге асуына қаншалықты кепілдік бар? Ал шетелдік серіктес өз міндеттемелерін орындамаса, ықтимал шығынды кім өтейді?

Сізге қызық болуы мүмкін