×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қырғыз президенті Ош облысының әкімін қызметінен босатты

15.04.2023, 12:17
Ашық дереккөз

Өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Ош облысының бірқатар басшылары қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Садыр Жапаровтың тапсырмасымен Ош облысы басшылығының қызметін тексеру үшін тиісті комиссия құрылып, нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталды. Сондықтан бірқатар басшыларды қызметінен босату туралы ұсыныс жасалды.

Нақтылай айтқанда:

Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;

Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;

Мемлекеттік әкімшілік басшысы – Ош облысы Қара-Суу ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұловтың пара алып жатқаны туралы видео тараған болатын. Бұл қатарда Қарасу ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.

 

Серіктес жаңалықтары