×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Бүгін қазақстандық жастар Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өтуде

15.04.2023, 12:09
Ашық дереккөз

Қазақстанда бүгін Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елімізде бұрын ғашықтар күні ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күнімен байланыстырылатын. Осы халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббатына арналған мерекелі күнді белгілеу ұсынылған еді.

Бұл тұрғыда кейінгі жылдары ұлттық ғашықтар мерекесін атап өту кең тарап келеді.

Өткенге көз жүгіртсек, бұл күнді атап өту осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған деген деректер бар. Алайда, бұл күнді «Ұлттық ғашықтар күні» ретінде атап өту 2011 жылдан басталғаны туралы да мәліметтер кездеседі.

2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы бұл күнді өздерінің ресми шараларының қатарына қосқан. Осы жылдан бастап-ақ өңірлер ғашықтар күнін кең ауқымда атап өте бастады.

13-14 ғасырлардағы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды. Жақсылық пен жамандық, дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббат тарихы осы адалдықтарымен құнды.

Серіктес жаңалықтары