×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Ақтау тұрғындары тасаттық берді

16.04.2023, 12:40
Ақтау тұрғындары тасаттық берді
Ашық дереккөз

Ақтау қаласындағы облыстық Бекет ата мешітінде тасаттық беріліп, жаңбыр шақыру дұғасы оқылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Мешіт имамы Әнуар Елжанов бұл рәсімнің тұрғындардың өтініші бойынша жасалғанын жеткізді. Оның айтуынша, биыл тасаттық беру облыстағы әрбір мешітте ұйымдастырылады.

"Биыл облыс тұрғындарының өтініші бойынша дұға оқыдық. Алла Тағала қабыл етсін. Өңірімізде көктем жаңбырлы, мал басы мол болсын деп тілейміз", - деді ол.

Имам жаңбыр шақыру дұғалары бұрын да оқылғанын атап өтті. Биыл екінші рет өтті.