Бұл туралы Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген QazaqGaz ұлттық компаниясының қазіргі басшысы Санжар Жаркешов айтып берді.
Сұхбат барысында журналист басқарма төрағасына компанияның демонополияндыру бағытындағы жұмысын сұраған. Жаркешов бұл бағытта құқық қорғау органдары өздерінің жұмыстарын өте жақсы атқарып, нәтижеге жеткенін мәлім етті.
«Тағы бір мысал, біздің еншілес компанияларымыздың бірі жекешелендіру тізімінде болған екен. Оның нарықтағы құны – 13 млрд теңге. Бірақ оны заң бұзушылықпен, теріс жүйені пайдаланып, бар болғаны 1 млрд теңгеге сатпақшы болған. Бұл әділетті ме? Әділетсіздік. Сондықтан бізге шара қабылдау қажет болды. Бұл процесті де тоқтатып, тізімнен еншілес компаниямызды шығарып, шамамен 11-12 млрд теңгені үнемдеп, компанияны өзімізде қалдырдық», - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia порталының youtube арнасынан көре аласыздар.