×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Жанболат Мамайдың ісін жүргізген прокурордың қызметі өсті

19.04.2023, 14:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Соңғы рет тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай ісі бойынша сот процесін жүргізген мемлекеттік айыптаушы Еркін Баймағамбетовтің қызметі өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BES.media-ның жазуынша, Еркін Баймағамбетов Сәтбаев қаласының прокуроры болып тағайындалған.

Осы тағайындауға дейін ол Алматы прокуратурасында жұмыс істегенін нақтылаған жөн. Баймағамбетов жүргізген соңғы іс Жанболат Мамайға қатысты қылмыстық айыптауларға байланысты.

Прокурор судьяны Мамайдың айыпты екеніне, оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу керектігіне сендіре алды.

Айтпақшы,Баймағамбетов қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа қарсы процеске де қатысқан.

Еске сала кетсек, Жанболат Мамайға Қылмыстық кодекстің үш бабы – «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

27 наурызда өткен сот отырысында сөйлеген сөзінде Жанболат Мамай өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Прокурор оны 6,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұдан бұрын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы прокуратураның Мамайға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды айып тағуын негізсіз деп есептейтінін мәлімдеген. 10 ақпанда өткен сот отырысында Жанболат Мамайдың қорғаушысы судьяға сенімсіздік танытқан. Себебі, ол бұрын процесте бақылаушы болған адамдарды куә ретінде сұраудан бас тартты. Ал олардың арасында белгілі саясаткер Төлеген Жүкеев пен Демпартия бастамашыл тобының мүшесі Дәурен Достияров та бар. Олар өте маңызды мәлімет бере алатын куәгерлер. Себебі, дәл сол «Алматы Арена» маңында болған оқиғаларды бастан аяқ көзімен көрген, құлағымен естіген.

Жуырда халықаралық Freedom Now ұйымының өкілдері Жанболат Мамайдың ісін жіті қадағалап отырғандарын мәлімдеп, қажет болған жағдайда оның мүддесін халықаралық сотта қорғауға дайын екендерін жеткізген.

10 сәуірде Мамайға үкім шықты. Сот оның бас бостандығын 6 жылға шартты түрде шектеді. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары