×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Сот Жанболат Мамайға үкім шығарды

10.04.2023, 14:11
Фото: Ашық дереккөзден

Жанболат Мамайдың 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белсенді Жанболат Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылды.

Оның 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық және саяси жұмыспен айналысуға, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласуға тыйым салынды.

Сондай-ақ одан 800 мың теңгеден астам ақша өндірілді.

Еске сала кетсек, Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты болып отыр.

27 наурызда өткен сот отырысында сөйлеген сөзінде Жанболат Мамай өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Прокурор оны 6,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұдан бұрын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы прокуратураның Мамайға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды айып тағуын негізсіз деп есептейтінін мәлімдеген. 10 ақпанда өткен сот отырысында Жанболат Мамайдың қорғаушысы судьяға сенімсіздік танытқан. Себебі, ол бұрын процесте бақылаушы болған адамдарды куә ретінде сұраудан бас тартты. Ал олардың арасында белгілі саясаткер Төлеген Жүкеев пен Демпартия бастамашыл тобының мүшесі Дәурен Достияров та бар. Олар өте маңызды мәлімет бере алатын куәгерлер. Себебі, дәл сол «Алматы Арена» маңында болған оқиғаларды бастан аяқ көзімен көрген, құлағымен естіген.

Жуырда халықаралық Freedom Now ұйымының өкілдері Жанболат Мамайдың ісін жіті қадағалап отырғандарын мәлімдеп, қажет болған жағдайда оның мүддесін халықаралық сотта қорғауға дайын екендерін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары