×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жанболат Мамайдың мүддесін халықаралық сотта Freedom Now ұйымы қорғайды

30.03.2023, 15:54
Коллаж: Ulysmedia.kz

Халықаралық Freedom Now ұйымының өкілдері Жанболат Мамайдың ісін жіті қадағалап отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ұйым өкілдері тіркелмеген Демпартия жетекшісінің мәселесін жаһандық деңгейде көтеріп жатқандарын айтты.

«Соттың үкімін күтіп отырмыз, Жанболат Мамайдың мүддесін халықаралық инстанцияларда біз қорғайтын боламыз», – деп мәлімдеді ұйым өкілі Мэтью Шааф.

27 наурызда өткен сот отырысында сөйлеген сөзінде Жанболат Мамай өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша, атап айтқанда полиция қызметкерлерін қорлады, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айыптар тағылып отыр.

Соңғы айыптың қайта тағылғаны 2023 жылдың 26 қаңтарында белгілі болды.

Бұдан бұрын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы прокуратураның Мамайға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды айып тағуын негізсіз деп есептейтінін мәлімдеген.

10 ақпанда өткен сот отырысында Жанболат Мамайдың қорғаушысы судьяға сенімсіздік танытқан. Себебі, ол бұрын процесте бақылаушы болған адамдарды куә ретінде сұраудан бас тартты. Ал олардың арасында белгілі саясаткер Төлеген Жүкеев пен Демпартия бастамашыл тобының мүшесі Дәурен Достияров та бар. Олар өте маңызды мәлімет бере алатын куәгерлер. Себебі, дәл сол «Алматы Арена» маңында болған оқиғаларды бастан аяқ көзімен көрген, құлағымен естіген.

Серіктес жаңалықтары