×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Қорғас» қашан ашылатыны белгілі болды

20.04.2023, 08:47
aikyn.kz

Пандемия басталғалы бері жұмысы тоқтап тұрған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы қайта жанданбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігі мәлім етті.

«Өздеріңіз білетіндей, «Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған орталық 24 сәуірден бастап жұмыс бастайды.

Айта кетейік, «Қорғас» орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері саудамен айналысады. Ондағы сауда орындарында баға нарықтан бірнеше есе арзан болғандықтан, орталыққа ағылушылар көп болатын.

Серіктес жаңалықтары