×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда тау бөктеріндегі коттедж қалашығы сүріледі

20.04.2023, 14:19
көрнекі фото

Бұл туралы қала әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен Бостандық ауданында орналасқан «Алатау-2» бау-бақша серіктестігінде тұрамын. Бұрынғы өзен арнасының орнына, яғни сайда Baganashil Hills коттедж қалашығының құрылысы басталды. Соның салдарынан кейбір көрші үйлердің қабырғасы жарылып жатыр. Бірнеше жылдан кейін бұл барлығына қиындық тудыруы мүмкін, өйткені ол - өзен арнасы»,- деді кездесуге келген аудан тұрғыны.

Тұрғын көтерген мәселе бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков сөз алды.

«Бүгінгі күні біз құрылысты бұзу үшін сотқа жүгіндік. Онда 10-ға жуық екі қабатты жеке тұрғын үйдің құрылысы заңсыз басталды. Құрылысқа тыйым салу бойынша талап-арыз дайындалу үстінде»,- деп жауап берді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда заңсыз салынған зәулім мейрамхана сүрілген болатын.

Серіктес жаңалықтары