×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар ұсталды

21.04.2023, 10:39
facebook

Бұл жөнінде олардың ұлы Ратмир мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Кеше кешкі сағат жетіде Dostyk Plaza сауда орталығында ата-анамды менің және бауырларымның көзінше ұстап әкетті. Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті", – деді журналистердің ұлы Ратмир Михаил Козачковтың Telegram-каналында жарияланған бейнеүндеуінде.

Журналистердің ұлының айтуынша, қазір олардың отбасымен байланысуға мүмкіндік жоқ, өйткені телефондары тәркіленген.

БАҚ болжамынша, Северныйлар Қорғаныс министрлігіне қатысты сыни жарияланымдарына байланысты қамауға алынған болуы мүмкін.

Ал полиция олардың адам бопсалады деген күдікке ілінгенін мәлім етті.

“Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары