×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«ӨзенМұнайГаз» лауазымды тұлғаларының тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады

21.04.2023, 15:36
«ӨзенМұнайГаз» лауазымды тұлғаларының тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Істің қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалғаны хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы дереккөзге сілтеме жасап.

“«ӨзенМұнайГаз» бен «Берәлі Маңғыстау» компанияларының лауазымды тұлғаларына қатысты «ӨзенМұнайГаз» АҚ-тан аффилирленген тұлғалар арқылы фиктивті келісімшарт жасау жолымен жерасты скважиналарын жөндеуге бөлінген қаражаттың ұрлануы фактісі бойынша іс қозғалып отыр”, – деп хабарлады дереккөз.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жымқырылған сома көлемі 200 млн теңге. 

Ulysmedia.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкіліне хабарласқан.

“Әзірге растай да, жоққа да шығара алмаймыз. Ақпарат жиналып жатыр. Кейін ақпарат береміз”, – деді агенттіктен.