×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Маңғыстауда қоқиқаздардың жаппай қырылу себебі аталды

21.04.2023, 17:27
Экология министрлігі

Бұл туралы ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"19 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың өліміне қатысты ақпарат тарады. Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды, аталған аумақтан 4 қоқиқаз өлексесі табылды", делінген комитет хабарламасында.

Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді.

"Соңғы уақытта аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркелеген – жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл орын алған, алдын ала болжам бойынша құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылып, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін. Құстардың өлекселері ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды", делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын бейнеулік оқушы жаппай қырылған қоқиқаздардың өлексесін видеоға түсірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары