×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бұрынғы кеңестік елдердің мәртебесі жоқ – Қытайдың Франциядағы елшісі

23.04.2023, 10:39
Ашық дереккөз

Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Чайе бұрынғы кеңестік елдердің егемендігі туралы екіұшты пікірде. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Дипломат сұхбатында бұрынғы кеңестік елдердің халықаралық құқықта тиімді мәртебесі жоқ, өйткені олардың мәртебесін ратификациялайтын тиісті халықаралық келісім болмағанын айтты.

Кейін журналист Қытай елшісінен КСРО ыдырағаннан кейін Қырымға кім иелік етуі керектігін сұрады.

Лу Шей түбектің бастапқыда орыстікі болғанын жеткізді.

"Бұл мәселені қалай қабылдайтыныңызға байланысты. Қырым басында орыстардікі болған жоқ па? Кеңес үкіметі кезінде Қырымды Украинаға берген Хрущев еді", - деді ол.

Елшінің бұл сөздері қазірдің өзінде халықаралық қауымдастық арасында резонанс тудырды.

Осылайша, Эстония билігі қытайлық дипломаттың мұндай мәлімдемелерін өкінішті және түсініксіз деп санады. Литва Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергис дәл осындай сөздердің кесірінен ел Қытайға сенбейді деп түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары