×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Жалған өсек таратушыларға жаным ашиды - Жигули Дайрабаев

23.04.2023, 17:08
Ашық дереккөз

Депутат Жигули Дайрабаев өзін сынағандарға жауап беріп, оларды өмірге өкпелі адамдарға теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен фейсбук парақшасында жазба жариялады.

"Әр азаматы сыни логикалық тұрғыдан ойлап, шындыққа көз жеткізе білуі қажет. Тек сол арқылы ғана біз бұл мәселені тоқтата аламыз. Солай ғана шындық жеңеді!

Балаларым бойынша жауап бергенмін, олар өз-өздеріне жауап бере алатын азаматтар. Жұмыстарын адал істеп, мемлекеттен көмек алып, халыққа жұмыс орнын беріп жүрген кәсіпкерлер. Олар өздерін заңнама талаптарына сай қорғауға құқылы, және мемлекет алдында кәсіби іс- әрекеттерінің адалдығын дәлелдеу үшін күресетін болады.

Маған да жала жауып, қаралау мақсатында, кейбір өмірге өкпелі азаматтар, ішіндегі бүкіл қаралығын шығарып жатқанын естідім. Мен істемегенді істеді деп, сөйлемегенді сөйледі деп жалған өсек таратушыларға тек жаным ашиды. Жала жабу, біреуді артынан жамандау өте ауыр күнә және арсыз,абыройсыздардын ісі!" - деген сол депутат ретінде қызметін жалғастыратынын жазды.
 

Серіктес жаңалықтары