×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша

24.04.2023, 09:19
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды.

«2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді», - делінген ведомство хабарламасында.