×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Қақтығыс өршіп тұрған Суданнан Қазақстан азаматтары шығарылуда - СІМ

26.04.2023, 21:16
Ашық дереккөз

15 сәуірде Суданның Ұлттық қорғаныс күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс басталған болатын. Қазір Хартум қаласында және елдің басқа аймақтарында соғыс қимылдары жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қақтығыс тараптары жариялаған үш күндік гуманитарлық бітім қайта-қайта бұзылып жатыр.

“Судандағы соғыс қимылдары басталған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды қақтығыс аймағынан эвакуациялау мәселесін барынша пысықтауға кірісті. Эфиопияда тіркелген бірқатар елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын Суданнан эвакуациялауға көмектесу үшін ресми өтініштер жіберілді. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар азаматтары қақтығыс аймағынан эвакуацияланды. Қазақстан азаматтарын Эфиопия мен Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағы арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасуда”, – деп жазды ведомство.

Эфиопиядағы ҚР Елшілігі азаматтарымызды Суданнан келісілген және қауіпсіз шығару үшін Мысырдағы және Сауд Арабиядағы ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз байланыста.

ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін Елшілік жанынан жедел желі ашылды: +251 945 051 624 (WhatsApp), kazembethiopia@gmail.com, kazembethiopia@mfa.kz.

Серіктес жаңалықтары