×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Назарбаевпен байланыстырылатын екі СЭС «Самұрық-Қазынаның» меншігіне өтті

28.04.2023, 08:04
factcheck.kz

KASE деректері бойынша, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырылатын екі су электр станциясы (СЭС) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның меншігіне өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, бағалы қағаздары Қазақстандық қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 2023 жылғы 25 сәуірден бастап "Шүлбі СЭС АЭС" ЖШС және "Өскемен СЭС АЭС" ЖШС-де 100% қатысу үлесіне ие болғанын хабарлады.

Бұған дейін Үкімет БАӘ инвесторларының екі қазақстандық су электр станциясын одан әрі жекешелендіруіне негіз болатын құжатты Мәжілістен қайтарып алған болатын – бұл жоба бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырылған еді.

Серіктес жаңалықтары