×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Оралда автобус жүргізушілері мен кондукторлар ереуілге шықты

29.04.2023, 08:31
Ашық дереккөз

Оралда автобус жүргізушілері мен кондукторлар ереуілге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Оралдағы оныншы ауданда 40-қа жуық жүргізуші мен осыншама кондуктор жиналды. Басшылықтың оларға қатаң талап қойып отырғанына жұрт наразы. Сондай-ақ, барлық автобустарда жолаушыларды тіркейтін сенсорлар орнатылған.

"Мысалы, автобусқа бір адам кіріп-шықса, оның сенсор тіркейді ғой. Автобус толып кетіп, ал есік алдындағы жолаушылар артта қалғандарды өткізіп жіберіп, содан кейін автобусқа қайта мінетін жағдайлар болады. Міне, осы адамдардың барлығын жүйе қайтадан санайды. Содан кейін бізге жасалып жатқан ешқандай жағдай жоқ. Үйден таңғы сағат төртте шығамыз, желіде алтыдан кешкі тоғызға дейін жүреміз", - деді кондуктор Нұргүл Есенбаева.

Оның басқа әріптестерінің айтуынша, тіпті кейбірі қандайда бір талаппен келіспесе, ол бірден жұмыстан шығарылады.

Ереуілшілердің сөзіне қарағанда, бұған дейін кәсіпорын басшылығы түскен ақшаны түскі асқа пайдалануға болатынын айтқан.

"Сондай-ақ, бізде Борлытөбе мен Қазақ ауылдарында тұратын жүргізушілер бар. Ал басшылық жүргізушілерге кәсіпорынға келу үшін осы қолма-қол ақшадан таксиге ақша алуға рұқсат еткен. Енді олар бізден қолма-қол ақшаны не үшін жұмсағанымызды сұрап отыр. Біз кеше ғана басқаша айтқанын есіне салдық. Бізге түскі асқа да 4 000 теңге алуға рұқсат еткен, ал бүгін мұның да қайтарымын талап етуде", - деді жүргізуші Серікболсын Ғазизов наразылық білдірді.

Ереуілші Саид Санатовтың айтуынша, жүргізушілердің талабы - жалақыны 400 мың теңгеге дейін көтеру.

Оқиға орнына келген кәсіпорын директоры ереуілшілерге кезекке шығып, ауысымнан кейін кешке кездесуді ұсынды.

"Кімде-кім қазір кезекке шықпаса, біз жұмысқа келмеген есебіне жатқызамыз. Жұмыс беруші ретінде теріс себептермен жұмыс орнында үш сағаттан астам бос жүргендер үшін заңды негіздеме болады. Бұл мәселені жұмыстан кейін талқылаймыз. Кондукторлар жұмыс істегісі келмесе, бұл олардың құқығы, сондықтан оларсыз жұмыс істей береміз. Өткен жылы біз ақылдастық, ақша алуды тоқтатамыз, жалақыны көтереміз дедік, сосын бәріңіз келістіңіздер. Биыл тағы бірдеңе айтып жатырсыздар», - деді «ЗКАП» ЖШС бас директоры Диас Жәнібеков.

Кейіннен белгілі болғандай, жүргізушілер кезекке шығып, кешкі жиынға қатысып, жалақыны көтеру мәселесін талқылайтын болды.

Серіктес жаңалықтары