×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ұятсыз спектакльдің қатысушысы болғаным үшін ұялдым – Асаубаева Балаевамен кездесу жайында

22.06.2022, 12:33
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға 3 млрд теңге сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарымен кездесуге алып барған. Еліміздің белгілі шахматшысы Бибісара Асаубаева осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асаубаеваның айтуынша, кеше спортшылар Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен кездескен.Құсайынов пен Сәдуақасовтың пәрмені бойынша делегация құрамына ер азаматтар мен құраманың бас бапкері П.М.Коцур кірмей, тек әйелдер құрамасы еніпті.

Сонымен қатар, шахматшы  кездесу барысында ҚШФ басшысының өзін таныстырып, атын атамағанына реніш білдірді.

“Атым аталмады, өзімді сол жерде жоқ адамдай сезіндім. Еленбегенім мейлі, командадағы басқа қыздарға лайықты мінездемелерін берді. Ең соңғы минутқа дейін бізді Олимпиада ойындары үшін министрмен кездесуге алып келе жатқанымызға сенімді болдым. Сөйтсем Дәрмен Сәдуақасов пен оның басшысы Қазақстандық шахмат федерациясының бюрократтары үшін 3 миллиард теңге сұрауға алып келген екен. Осы ұятсыз спектакльдің қатысушысы болғаным үшін ұялып тұрмын. Бүгін басты дайындық болды. ҚШФ басшылығы ертең ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуге премьералық көрсетілімді дайындап жатыр”, – деп жазды Асаубаева  Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, спортшы өз ренішінің Аида Балаеваға қатысы жоқ екенін атап өтіп, Президент әкімшілігі басшысының орынбасарына уақыты пен көңілін бөлгені үшін алғыс айтты.

“Мен үшін бұл – өте ұят жағдай. Сол үшін кешірім сұраймын. Мен – спортшымын. Спортшы болып қалғым келеді. Мен чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялудамын. Федерация Президенті мен вице-президентін мойындаудан бас тартамын. Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және жедел шахматтан қазіргі әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 миллиард теңге қажет емес екенін мәлімдеймін. Ол қаражат Жаңа Қазақстанға керек екеніне сенімдімін", – деді шахматшы.