×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өзбекстандағы референдум: Мирзиёев 2042 жылға дейін президент болып қалуы мүмкін

30.04.2023, 12:36
Өзбекстандағы референдум: Мирзиёев 2042 жылға дейін президент болып қалуы мүмкін
Ашық дереккөз

Өзбекстанда жаңа редакциядағы Конституция бойынша референдум басталды, ол елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевқа 2042 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Өзбектерге негізгі заңдағы баптардың санын 128-ден 155-ке, ал конституциялық нормалардың санын 275-тен 434-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Жалпы Конституция 65 пайызға жаңарады, сондықтан да өзбек билігі референдум өткізуді шешкен. 

Реформалар ел президентінің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуға да қатысты. Өзбекстан азаматтары түзетулерге дауыс берсе, Шавкат Мирзиеевтің президенттік мерзімі нөлге тең болады және ол 2026 жылы үшінші рет сайлауға түсіп, 2042 жылға дейін билікте қала алады.

Референдумның өзі де Мирзиеевтің бастамасымен өтіп жатыр.