«Россотрудничествоның» Алматыдағы өкілдігі 9 мамырдың құрметіне «Ажалсыз полк» шеруін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ұйым шеру онлайн режимде өтетінін айтты.
«Әкелерімізді, аталарымыз бен арғы бабаларымызды, соғысты бастан өткерген батырларымызды, ұрыс даласында қаза тауып, хабарсыз кеткендерді еске алу мақсатында Алматыдағы Орыс үйі «Ажалсыз полк» онлайн-шеруін бастайды», - делінген хабарламада.
Россотрудничество — Ресей Федерациясының федералды атқарушы органы, ол Ресей президенті Владимир Путинге бағынады.
Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі бюджетті үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты Қазақстанда әскери шеру өткізу жоспарланбағанын хабарлаған болатын.