×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Әлеуметтік желілер неге істемей қалды - Facebook себебін айтты

05.10.2021, 08:40
фото: Ашық дереккөзден

Инженерлер Facebook желісінің істемей қалуының себебін атады. Олар маршрутизаторлар конфигурациясы қате өзгеріске ұшыраған дейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біздің инженерлер командаларының айтуынша, өзіміздің мәліметтер өңдейтін орталықтар арасындағы желілік трафикті үйлестіруге жауап беретін магистралды маршрутизаторлардағы конфигурациялық өзгерістер байланысты үзуге әкелген проблемаларға алып келді. Желілік трафиктегі бұл ақау біздің мәліметтер өңдеу орталықтарының байланыс әдісіне каскадтық түрде әсер етті. Бұл біздің қызметтер жұмысының тоқтауына әкелді», - делінген Facebook инженерлер сайтындағы мәлімдемеде.

Facebook компаниясы Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысындағы ақауға берген түсініктемесінде ақаудың пайдаланушылар мәліметтеріне қауіп төндірмегенін айтты, дейді РИА Новости.

Бұған дейін Facebook-тің 1,5 млрд пайдаланушысының мәліметтері, яғни аты-жөні, электрондық мекенжайлары, телефон нөмірлері қара нарықта сатылды деген ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ компания басшысы Марк Цукерберг ақау үшін кешірім сұраған еді.

Компанияға тиесілі Facebook, Instagram, WhatsApp пен басқа бірқатар қосымша дүйсенбі күні жеті сағатқа жуық істемей қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары