×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Даулы пікірі үшін сынға ұшыраған Башинская депутаттық мандатын тапсырды

02.05.2023, 17:10
фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық мәслихат депутаты А.Башинскаяның депутаттық мандатын тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол  Facebook парақшасында мәлім етті.

"Мен өз әрекеттеріммен еліміздің бейбіт саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Осы күндері мен көп нәрсені ой елегінен өткіздім және менің әрекетімді айыптайтындардың сезімдерін терең түсіндім. Менің пікірім бүгінгі қиын оқиғалар аясында орынсыз болғанын тағы да атап өткім келеді. Осылайша, қоғам алдында күрделі жағдай туғызды. Осыған байланысты мен партияның ресми ұстанымын толығымен қолдаймын. Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, мен депутаттық өкілеттіктерді тоқтату туралы шешім қабылдаймын. Жіберілген қателік үшін барлық отандастар мен партияластардан шын жүректен кешірім сұраймын", - деп жазды Башинская.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Анна Башинская Украина Президенті Владимир Зеленскийдің «Deutsche Welle» басылымына берген сұхбатында Қырымды қайтару туралы мәлімдемесіне «Зеленский мырза, Қырымнан көрі Түркия дұрыс, ол жақтың ауа райы қолайлы», деген мағынада пікір білдірді.

Депутаттың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып, олар депутаттың мандатын тапсыруын талап етті.

Бұдан бұрын «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров Башинскаяның даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген.

«Қадірлі әлеумет! А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс», – деп жазды Станислав Канкуров.

Серіктес жаңалықтары