×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Fly Arystan қызметкерлері ұшаққа домбырамен кірмек болған айтыскерді жұрт көзінше жұлқылаған

03.05.2023, 17:21
https://www.instagram.com/tleutai.aisholpan/

Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Fly Arystan компаниясының қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейсің деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Бірақ мені жұлқылаған екі қыз менің бұрын бокска қатысқанымды және олардан қарағанда күшім көп екенін білмей қалыпты. 2 қыздың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім! Жақсы жеттік! Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, – деді ол желідегі парақшасында.

Айтуынша, компания бортсеріктері домбырасын қалдырмаған жағдайда Айшолпан Тілеубайды өзі рейске жіберілмейтінін ескерткен. Олардың сөзін елемей, жұқлықылағанына бой бермей ұшақ бортына өтіп кеткен ақынның алдынан күзетші шығыпты. 

“Ол ағамыз мені таныды ма екен, әлде қазақтың домбырасын құрметтегені ме – ештеңе демей, кіргізді. Ұшаққа отырып, Астанаға жеттім. Менің бір түсінбейтінім, неге біз қазақтың домбырасын мұндай қорлықпен тасуымыз керек? Неге Fly Arystan қызметкерлері мені жұрттың көзінше жұлқылауы керек?”, – деп ашуланды өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары