Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 9 мамырда Ресей астанасында өтетін шеруге өзінің қатысу мүмкіндігі туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер министрден “9 мамырда Мәскеудегі шеруге барасыз ба?” деп сұрады.
"Жоқ", - деп қысқа қайырды Жақсылықов.
Ол ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бүкіл армия кеңесі өтетінін айтты.
Еске салайық, бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізілмейтінін мәлімдеген.
Десе де, «Россотрудничествоның» Алматыдағы өкілдігі 9 мамырдың құрметіне «Ажалсыз полк» шеруін өткізуді жоспарлап отыр.