×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттайды

04.05.2023, 18:26
Ашық дереккөз

Қазақстанда 1 шілдеден бастап фильтрден өткен және сүзгісіз темекіге, сондай-ақ попиросқа, сигариллаға және қыздырылған темекі қосылған өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығының жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жылдың соңына дейін фильтрленген және сүзгісіз 20 темекіге, попиросқа, сигариллаға және қыздырылған темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағасын 710 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі баға 770 теңгеге дейін көтерілмек.

Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

Темекі өнімдері бағасының өсуіне Қаржы министрлігі бірқатар факторларды, соның ішінде акциз мөлшерлемесінің 14 пайызға, импорттық шикізат пен материалдар құнының орта есеппен 20 пайызға көтерілгені себеп болғанын мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары