×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді

08.05.2023, 12:01
Ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОС ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичті марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қаһармандығы, ерлігі мен жанқиярлығы, соғыстан кейінгі мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін екі майдангердің «Халық қаһарманы» атағы арнайы медальымен марапатталғанын жазды: Қаймолдин Әбдіғалиға Алтын Жұлдыз және «Отан» ордендері қоса тапсырылса, Иван Гапич те осындай марапатқа ие болды.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы 30 маусымда Семей облысы, Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.

1941 жылы маусымда әскер қатарына шақырылды. 1941 жылдан 1945 жылдың 9 мамырына дейін Сталинград, 1-Украина, 1-Белорус, 3-Прибалтика майдандары құрамында шайқасты. 1946 жылы маусымда демобилизацияланған.

Қызметтен кейін ол өз күш-жігерін партиялық және мемлекеттік органдардағы қызметке арнауды ұйғарды. Алдымен КОКП Семей облыстық комитетінде, кейін Жаңасемей, Новопокровский аймақтық атқару комитеттерінде қызмет етті. 1977-1982 жылдары Түрксіб кеңшарында партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеп, осы жерден зейнеткерлікке шықты.

Қызыл Жұлдыз және 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Иван Гапич 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген.

Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты басынан өткеріп, фашистік гарнизондар мен комендатураларды, оқ-дәрілер мен азық-түлік қоймаларын талқандаған отрядтың әскери қимылдарына қатысты.

3-дәрежелі Қызыл Жұлдыз және Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Құрметті қайраткер» төсбелгісімен марапатталған. ҚР Бас прокуратурасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Құрмет» ордендерімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысқан.

Серіктес жаңалықтары