×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Астанадағы BI Group құрылыс алаңында мұнара краны құлады

09.05.2023, 15:34
Ашық дереккөз

BI Group компаниясының жаңа Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында оқыс оқиға болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті оқиғаның 9 мамыр күні таңертең орын алғанын мәлімдеді.

Мұнаралы кранды орнату кезінде техника опырылып, автокран кабинасына құлады, нәтижесінде 1999 жылы туған машинист дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр.

«Мұнаралы кранды орнату кезінде қауіпсіздік технологиясының өрескел бұзылуы орын алды, атап айтқанда, кранның басы мен мұнара бөлігінің қиылысу бекіткіштері бұралмай қалған», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары