×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жаңаөзендіктердің мәселесін реттеуге Үкімет құлықты болмай отыр – депутат Мұсабаев

10.05.2023, 13:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Астанаға келіп, наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесіне Үкімет назар аудармай отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жаңаөзендегі мәселе әлі реттелген жоқ. Сіз бұл мәселені бақылап отырсыз ба?» деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі депутаттан.

Бұл сұраққа жауап берген Самат Мұсабаев Астана қаласында Берәлі мекемесінің жұмысшылары жиналған күннен бастап әріптесі Еділ Жаңбыршин екеуі үкіметке хатт жазғанын атап өтті. Депутаттар үкіметтен үкіметтік деңгейде комиссия құруды өтінген.

«Бұл мәселе айлап, жылдап созылуы мүмкін. Президенттің үкіметтік дәрежеде комиссия құрылсын деген тапсырмасы бар. Бүгінгі таңда ол комиссия әлі құрылған жоқ. Біздің берген сауалымызға әлі жауап берілмеді. Смайыловтың атына жазылған еді», - деді депутат.

Мұсабаев бұл ретте жаңаөзендіктердің мәселесін реттеуге үкімет құлықты болмай отыр деп есептейді.

«Біреулерге керек шығар деп ойлаймын. Жаңаөзендік Берәлі жұмысшылары дауы басталған. Мен өзім ол жердегі жұмысшаларды қолдаймын», - дейді ол.

Мұсабаевтың пайымдауынша, жалғыз Жаңаөзен емес, жұмыссыздық мәселесі бүкіл Қазақстанда өзекті мәселе екенін атап өтеді.

«Біз депутаттар қайда барсақ та, ең біріншіден, жұмыссыздықты айтады. Әлі күнге дейін үнсізсіз. Жаңаөзеннің өзінде 7-10 мыңдай адам жұмыссыз. Біз әлі де оларды жұмыспен қамтуға үлкен зауыттар, фабрикалар, өндірісті салуға құлықсызбыз», - дейді ол.

Мұсабаев сөз соңында Үкіметтің хатқа жауап бермеуіне назар аударды.

«Бұл депутатты менсінбеу ме, әлде білмеу ме? Сыйламау ма?» дейді ол.

Еске салайық, 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына «Берәлі Маңғыстау компаниясы» мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер компанияның 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Бұған дейін «Берәлі Маңғыстау» серіктестігі тендерде жеңіліп, жұмысшылардың барлығы жұмыссыз қалған болатын.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстады. Жалпы, полицейлер Астанада жаңаөзендік 126 жұмысшыны қамауға алған. Алайда кейін босатты. Жаңаөзендіктер Маңғыстауға қайтып, өкілдерін осында қалдырған. Алайда мәселе әлі күнге дейін реттелмей келеді.

Серіктес жаңалықтары