×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мектеп түлектерінің бітіру кеші: Антикор шенеуніктерге ескерту жасады

11.05.2023, 08:24
Мектеп түлектерінің бітіру кеші: Антикор шенеуніктерге ескерту жасады
kargoo.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз», - делінген ведомство хабарламасында.

Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.

«Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.