×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Доллар қайта қымбаттады

12.05.2023, 15:52
Доллар қайта қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,87 теңге.

Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444,5 теңге, сатып алу – 447,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,5 теңге. Ресей рублі 5,62 – 5,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.