×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тәжікстаннан Ресейге тауар реэкспорты күрт артқан

13.05.2023, 12:15
Тәжікстаннан Ресейге тауар реэкспорты күрт артқан
Ашық дереккөз

Тәжікстаннан Ресейге жоғары технология өнімдерінің реэкспорты күрт артқан, ал жергілікті мақта-мата, көкөніс және кептірілген жеміс-жидек экспорты азайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тәжікстаннан Ресейге жеткізіліп жатқан техника мен құрылғылардың тыйым салынған тауарлар тізімінде бар-жоғы әзірге белгісіз, бірақ Еуроодақ Орталық Азия елдеріне Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесті деген күдікпен қарап отыр.

Азаттық радиосының Тәжік қызметі - Озоди радиосына түскен құжаттарға қарағанда, Тәжікстанның Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 2023 жылғы алғашқы тоқсанда 50 пайызға артқан. Республика алғаш рет жоғары технология өнімдерін экспорттаудан көзге түсті. Тәжікстан алғашқы тоқсанда Ресейге шамамен 35,8 млн доллардың (2021 жылы бар болғаны 23,7 млн доллар болған) тауарын экспорттаған.

2023 жылдың алғашқы үш айында Тәжікстаннан Ресейге шамамен 7,4 млн доллардың байланыс құралдары сатылған.

Экспорт көрсеткіші Еуроодақ елдері Ресейге жеткізілетін тауарларға шектеу қойған уақытта артып отыр. ЕО Ресейді Украинаға басып кірді деп айыптап, бірнеше дүркін санкция салған.

Енді Батыс Орталық Азия елдеріне Мәскеуге еуропалық өндіріс өнімдерін сатып алуға көмектесіп отыр деген күдікпен қарап отыр.

2022 жылы Украинада соғыс басталған уақытта Ресей Орталық Азия елдерімен сауда айналымын бірнеше есеге арттырды.

Сарапшылар мұны реэкспорт деп атады. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үшінші елдерден тауар импорттап, оны Ресейге экспорттап отыр.

Озоди радиосы тәжік билігінен Тәжікстан Ресейге көмектесу үшін батыс санкцияларын бұзып отырған жоқ па деген сауал қойды.

Тәжікстан кеден қызметі Озоди радиосына 29 наурызда берген жауабында "Еуропа одағы мен АҚШ тарапынан санкция талаптарын сақтауға қатысты ешқандай ресми сұрау болмағанын" жазған.

Жақында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары кезінде ЕО-ның Ресейге қатысты санкциялардың 11-топтамасының мазмұны туралы мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, жаңа санкциялардың Қазақстан мен Өзбекстан секілді үшінші елдерге де қатысы болуы мүмкін.