×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Кедей халықтың табысы артты дегенге ешкім сенбейді": Ерғалиев депутаттың сынына жауап берді

15.05.2023, 09:39
"Кедей халықтың табысы артты дегенге ешкім сенбейді": Ерғалиев депутаттың сынына жауап берді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтіні жайлы сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтқан. Депутаттың сауалына жауап берген Әсет Ерғалиев елімізде бағаға мониторинг қалай жүргізілетінін түсіндірді.

«Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес 508 тауар мен қызмет түрі бойынша бағаға мониторинг жүргізіледі. Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері ай сайын әртүрлі елді мекеннің түрлік бөліктерінде орналасқан, тауарларының ассортименті кең сауда объектілерінің іріктемелі шеңбері (сауда желілері, базарлар, үй қасындағы дүкендер) бойынша бағаларды тіркейді. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша 85 елді мекендегі 12 мыңнан астам сауда объектісі тұрақты зерттеулерге қатысады», - деп жазады агенттік басшысы.

Әсет Ерғалиев инфляция есептеудің тәсілін түсіндіру үшін Астана қаласында пияз бағасы қалай бақыланатынын мысалға келтірген.

«Астана қаласы бойынша байқауға барлығы 426 базалық объект қатысады, онда 508 тауар мен қызметтің бағасы байқалады. Оның ішінде 12 нысанда пияздың бағасына байқау жүргізіледі. Сәуір айының соңына осы 12 сауда обьектісінде пияз бағасының диапазоны килограммына 151 теңгеден 300 теңгеге дейінгі аралықта болды. Нәтижесінде сәуір айының соңына Астана қаласы бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 202 теңгені құрады. 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда Астана қаласында пияздың бағасы 31 теңгеге немесе 18,1% қымбаттады», - делінген жауапта.

Ресми статистика бойынша жоғарыда аталған 508 тауар мен қызметтің ішінде бағасы бір жылда 100 пайыз өскен санаттар бар.

«Сәуірдің қорытындысы бойынша жылдық есептеуде (12 айға) республика бойынша орташа алғанда шақпақ қант – 51,7%, қияр – 50,9%, консервіленген сүт – 44,5%, күріш – 43,9%, кептірілген өрік – 40,8%, ерітілген ірімшік 39,1% қымбаттады. Осы тауарларға бағаның жоғары өсуі салдарынан тұтынушыларда инфляция ресми жарияланған мәндерден жоғары болуы керек деген пікір жиі қалыптасады. Дегенмен, кейбір тауарлардың бағасы тезірек, басқаларына баға баяуырақ өсетінін және керісінше, басқаларының бағасы төмендейтіндігін ескеру қажет. Сонымен, сәуірдің қорытындысы бойынша жылдық есептеуде (12 айға) республика бойынша орташа алғанда жылқы еті – 11,9%, шикідей ысталған шұжық – 11,6%, сиыр еті – 11,1%, тәтті бұрыш – 9,5%, қой еті – 9,3%, күнбағыс майы – 8,3%, алма 7,5% қымбаттады. Сонымен қатар баға қырыққабат – 53,4%, сәбіз – 19,2%, сарымсақ – 15,9%, картоп 13,9% арзандады. Әрбір өңірдегі баға өсімі жеке сипатта болатындығын ескеру қажет», - дейді Әсет Ерғалиев.