×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елге қайтарылған ақшаның есебін дайындайтын орган құрылады

15.05.2023, 17:16
Коллаж: Ulysmedia.kz

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін консультативтік-кеңесші орган құру ұсынылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Президенттің 2022 жылғы 26 қарашадағы №3 «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) іске асыру мақсатында Үкімет Бас прокуратурамен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз сатып алынған активтерді қайтару болып табылады. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін консультативтік-кеңесші орган құру ұсынылады. Бұл органның құзіретіне заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ Бас прокуратурамен жыл сайынғы атқарылған шаралар және қайтарылған активтер бойынша баяндама дайындау, жариялау жататын болады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның атап өтуінше, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп активтерді қайтаруды жүзеге асыратын активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган ретінде Бас прокуратураны айқындау жоспарланған.

«Осы мақсаттар үшін заң жобасында тиісті мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарының функциялары айқындалған. сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді ашу, шығу тегін растау және қайтару тетіктері регламенттелген. Заңның қолданысына жататын субъектілер үшін өлшемшарттар әзірленген», - деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға 760 млрд теңге қайтарылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары