×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстанда іздеуде болған қылмыстық топ мүшесі Қырғызстанда ұсталды

17.05.2023, 14:16
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі өткен жылдан бері іздеуде болған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның баспасөз орталығы хабарлағандай, ұйымдасқан қылмыстық топтың 33 жастағы мүшесі Алматы облысының аумағында жасаған қылмысы үшін іздеуде болған.

2022 жылы қарашада Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен 1990 жылы туған С.А.А. есімді азамат Қырғызстан Әділет министрлігіне қарасты қылмыстық атқару қызметінің №21 мекемесіне қамалды.

"Ұсталған азаматқа Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2022 жылдың қараша айында С.А.А. Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары