×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда Қытайдың ірі университетінің филиалы ашылады

17.05.2023, 17:19
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан өз аумағында Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елдеріміздің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығы артып келеді. ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді», - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, бүшін президент жұмыс сапарымен Қытайға барды. Тоқаев 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

 

Ал 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары