×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

Назарбаев университеті Шигео Катсудың қызметтен кетуі туралы хабарды жоққа шығарды

17.05.2023, 22:23
Ашық дереккөз

Назарбаев университетінің қауымдастығы кейбір БАҚ пен Телеграм-арналарда жарияланған жалған ақпараттың таралуына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу орны әкімшілігі мұны президент Шигео Катсуды отставкаға кетуге мәжбүрлеу және қоғам алдында университеттің қызметі мен жетістіктерін қаралау мақсатында ұйымдастырылған деп санайды.

“Университет әкімшілігі Шигео Катсу Назарбаев Университетінің алғашқы және қазіргі президенті лауазымын атқаратынын хабарлайды. Катсу мырза - университеттің тұрақты дамуы мен тиімді басқаруында шешуші рөл атқаратын жетекші. Ол өзінің ресми міндеттерін күнделікті орындауды жалғастыруда, қазіргі танда Назарбаев университетінің 9-шы студенттер когортасының оқу бітіруіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Президент Катсудың жұмыстан шығуы туралы ақпарат негізсіз, шындыққа сәйкес келмейді және университеттің қызметі мен оқу процесін тұрақсыздандыруға бағытталған”, – деп жазды ЖОО-дан.

Назарбаев университеті Қазақстанда жалған ақпарат тарату және жала жабу заң бойынша жазаланатынын, жала жабу науқанына жауаптылар заң жүзінде жауап беретінін ескерткен.

Қазіргі уақытта университет әкімшілігі саяси астарлы жалған ақпарат тарату науқанының толық мәліметтерін ашуға құқығы жоқ. Университет басшылығы алдағы уақытта БАҚ өкілдері мен қоғамды жұмыс барысы туралы хабардар етпек.

 

Серіктес жаңалықтары