×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала қаза тапты

06.10.2021, 09:47

Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қаза болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген. Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары