Алматыда оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап.
Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады.
Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдірген, алайда кандидат ретінде тіркеле алмаған.