×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматының төрт ауданының әкімі ауысты

19.05.2023, 09:28
фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында төрт ауданға жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік мәліметінше, Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап А. Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.

Бостандық ауданын Санжар Алин басқарады. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алмалы ауданының әкімі лауазымына Айдар Жақыбаев тағайындалды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

Серіктес жаңалықтары